Оқиға Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған
30 қазан күні сағат 19.30-да "Атырау-Ақтөбе" тас жолының 331-шақырымында Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Соның салдарынан 6 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, 1985 жылы туған азамат алған жарақаттан ауруханада қайтыс болды.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, атысқа ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп болған.
Қазір Сағыз ауылына Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.