Жәбірленушінің жағдайына қатысты ақпарат жоқ
Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, бір оқушы пышақ жарақатын алды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға Алатау ауданына қарасты Ақкент шағынауданында болған. Құрдасына пышақ сұғып алған оқушы қамауға алынды.
«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркегенін хабарлайды. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан біреуі пышақ жарақатын алған. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.