Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл 580 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 86 адам жол апатынан қаза тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алтайньюске сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл 580 жол-көлік оқиғасы тіркелкен. Соның салдарынан 86 адам қаза тауып, 792 адам жарақаттанған.
«Тәртіп сақшылары жол апаттарының жиілегенін ескере отырып, соңғы уақытта тасжолдардың сапасын текесреуге көп көңіл бөліп келеді. Мәселен былтыр департамент өкілдері 4 000-нан астам тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жол қызметіндегі 225 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдеріне 74 жарықдиодты белгі орнатылды», – дейді облыстық ПД басшысы Сағат Мәдиев.
Оның айтуынша, биыл республикалық маңызы бар трассаларды (Алматы-Өскемен, Омбы-Майқапшағай) және елді мекен жолдарын реконструкциялау бойынша бірқатар жобалар іске асырылып жатыр.