«Кезексіз пәтер алып беремін»: Шымкент тұрғынын алдаған алаяқ әйел ұсталды
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Шымкенттік алаяқ тұрғынды 500 мың теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы кезексіз пәтер алып беремін деп сеніміне кірген. Содан жәбірленуші алаяққа 500 000 теңге ақша берген. Ал танысы ақша алғаннан кейін әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай, әбігерге салған.
Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.