6-қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын
20 қазан күні Атырауда белгісіз адам Нұрсая ықшамауданында алтыншы қабат терезесінен құлап көз жұмған баланы жерлеу үшін деген желеумен қала тұрғындарынан ақша жинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасай отырып.
Алаяқтың әлеуметтік желідегі хабарландыруын көріп, қаза болған 5 жасар қыздың анасы полицияға шағым түсірген.
Оқи отырыңыз: Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.