Таразда алаяқ әйел өзгенің 2,3 млн теңге тұратын әшекей бұйымдарын алып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

 

Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны – 42 жастағы әйел хабарласып, 2021 жылдың мамыр-шілде айларында 2 300 000 теңге зергерлік бұйымдарын әлдебір әйелдің сатып беремін алдап, алып кеткенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.