Өткен тәулікте 1742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
20 қазандағы мәліметтерге сәйкес, COVID-19-дан 32 және пневмония белгілері бар коронавирустан төрт өлім жағдайы тіркелді.
Айта кетейік, өткен тәулікте 1742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 1719 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.