Өрт Алтай ауданындағы Кутиха ауылының маңында шыққан
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қыметі: «Белгілі болғандай, жол бойында шөп өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Қатты соққан желден жылдам тараған тілсіз жау жер үй аумағындағы шаруашылық қора-жайларға тарап кеткен. Өртпен күреске жеке құрамнан 20 адам мен Алтай ауданының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 4 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады.
125 шаршы метр құрылыс нысандары мен 1,5 гектар алаңдағы шөпті шарпыған өрт толықтай ауыздықталды. Қызыл жалынның шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.