Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде сарбаз оқ жарақатын алып, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

20 жастағы әскерге шақырылған сарбаз кезекшілікте болған

Фото ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға 21 қазанға қараған түні болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Постта сағат 01.30 шамасында әскерге шақырылған адам қару-жарақтан бас аймағына жарақат алды. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ, өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың қазасы туралы хабарланды», - делінген ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" РМК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Қазір аталған дерек бойынша орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ал  "Орталық" ТЖК қолбасшылығы қызметтік тергеу жүргізуге тапсырма берді. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.