Каршеринг бойынша машинаны жалға алған қыз бен жігіт қатты жылдамдықпен келіп жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған
Қайғылы оқиға түнгі сағат бір шамасында Алматы-Талғар тас жолында болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Қатты соққыдан каршеринг көлігінің оң жақ бөлігі жапырылып қалған.
Темір арасына қыстырылып қалған 17 жастағы қызды шығару үшін құтқарушылар әуре-сарсаңға түскен. Бірақ бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сау-тамтығы қалмаған Volkswagen polo-ны тізгіндеген 21 жастағы жігіт те ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жан тапсырды.
Ал жеңіл көлік соғылған «Газ 53» көлігінің ішінде адам болмапты. Қазір полиция тиісті сараптама тағайындап, жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.