Күдікті қолға түсті
Қылмысты 17 жастағы жігіт жасаған. Таксиге отырған жас қыз қаладан Боралдайға бармақ болған. Бірақ жолда оған такси жүргізушісі мен оның танысы шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол түнгі сағат 3 шамасында Алматы қаласының №1 теміржол вокзалынан үйіне бару үшін таксиге отырған. Такси жүргізушісі Түйменбаев ауылына жеткенде басқа жаққа бұрылып кеткен. Міне осыдан кейін такси жүргізушісі мен жолаушы оған шабуыл жасап, ұрып-соққан, зорлап, тонап кеткен.
«Аталған факт ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі; 191-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Іле АПБ КПБ қызметкерлері Боролдай кентінің 17 жастағы тұрғынын күдікті ретінде анықтап, ұстады. ҚР ҚІЖК 128-бабы бойынша УҰИ-ға қамауға алынған күдікті зорлық-зомбылық әрекеттерін мойындады. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.
Такси жүргізушісі 22 жаста, досы көлік салонында қызды зорлап жатқанда араша түспей, керісінше көмектескен. Такси жүргізушісі де анықталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілмейді.