Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қарауындағы қызметкерлерінен пара алған үшін кінәлі деп танылды

Фото ашық дереккөзден

Атырауда мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, биылғы 9 айда құқық қорғау органдарында 18 дерек анықталған.

«Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары өзінің қарауындағы қызметкерлерінен пара алған үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысына сотталушының туыстарымен бірге ұжымдастары қатысты», - дейді А.Мамыт. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.