Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қарағандыда 37 жастағы полиция қызметкері күндізгі ауысымнан шығып, жолда өзге көлікпен соқтығысқан. Салдарынан 1 жасар сәби қайтыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 19 қазанда кешкі сағат 21:45 шамасында болған. Жұмыстан үйіне қарай шыққан полиция қызметкері «Mercedes-Benz» автокөлігімен бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан, екінші көлікте болған сәби көз жұмып, жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынған.