Жамбыл облысында жол бойында жылқыны қағып кеткен көлік жүргізушісі қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға байланысты тергеу ісі жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

«18 қазан күні сағат кешкі 20.45-те Тараздан Алматыға қарай бағыт алған Toyota Camry маркалы көліктің жүргізушісі Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 171 шақырымында жылқыны қағып кеткен. Жол көлік оқиғасында алған жарақатынан 1978 жылғы Түркістан азаматы сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қордай аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен тағы екі жолаушы жеткізілді.