Олар мемлекет тарапынан әр балаға төленетін қаржының аздығын айтуда
Наразы топ облыс әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды Atameken Business арнасы.
Жалақыға қатысты мәселені алға тартқан шағымданушылар қаржыландыру әдістемесінің дұрыс орындалмай жатқанына наразы. Заңға сәйкес, әрбір балаға ауылдық жерлерде 41 мың, ал қалада 37 мың теңгеден төленуі тиіс. Алайда өңірде бұл сома небәрі 25 мың теңге шамасында. Салдарынан балабақша тәрбиешілерінің жалақылары 60-70 мыңнан аспай отыр дейді.