Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мас жүргізуші қолға түсті

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мас жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашып, поста тұрған полицейді қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл факт түн ортасында болды.

«Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін байқады. Полиция қызметкерлерінің талаптарына көлік жүргізушісі мән бермеді. Керісінше олардан қаша бастады. Бірден радиостанция арқылы патрульдік жасақтарға көрсетілген көлікке бағдар берілді және оның қозғалысының координаттары дереу таратылды. Талғар қаласының бағытындағы экологиялық поста қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатуға тырысқан, ол тоқтамастан, инспекторды қағып кетті. Екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы, бас сүйегінің жабық жарақатымен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған У.есімді азамат. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.