Ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен
Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан хабарлады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған деректі растады.
«17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.
Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.
Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.