Ауған мешітіндегі жарылысты «ДАИШ» өз мойнына алды

Автор: Azattyq Rýhy

Экстремистер жанкештілердің аты-жөні мен суретін жариялады

Фото ашық дереккөзден

Қандағарда болған жарылыс – Ирак және Левант лаңкестік ұйымының ісі.  Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Айта кетейік, жарылыс кеше жұма намазы кезінде болған еді. 2 лаңкес күзетшілерді атып өлтіріп, ішке басып кірген.

 Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 50 адамға жуықтады. Ондаған кісі жарақат алған. Бұл – Ауғанстанда АҚШ әскері кеткен соң болған ең қанды оқиға.