Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан ер адам қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, полиция қызметкерлері 38 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында орындықтың артындағы қалташадан полимерлі түйіншекті тапқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің пәтерін тінту барысында жатын бөлмедегі төсек астынан 30,36 грамм марихуана мен 15,30 грамм гашиш табылған», - делінген баспасөз қызметі келтірген ақпаратта.

Ал күдікті өз сөзінде есірткіні қолданбайтынын, оны тек сату үшін тасымалдағанын айтқан.