Олар техникалық байқаудан және міндетті сақтандырудан өтпеген
Созақ ауданы ПБ полиция қызметкерлерінің кешенді күштерімен, жыл басынан бері 3 409 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей, Армения, Қырғызстан мемлекетінен келген шетел автокөліктері техникалық байқаудан және міндетті сақтандырудан өтпей, көлік жүргізушілері қауіп төндіріп басқаруының 402 дерегі анықталып, 112 автокөлік айыптұраққа қойылған.
Сонымен қатар жол жүру ережелерінің 7.4 тармақтарының талаптарын бұзып, автокөлікке қосымша заттар орнату, көлік құралдарының алдыңғы және алдыңғы бүйіріндегі әйнектерін қарайтып алудың 68 жайты анықталды, нәтижесінде 31 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Сондай-ақ автокөлік құралдарын алкогольдік, уытқұмарлық масаң күйде басқарудың 21 дәйегі анықталып, барлығы айыптұраққа жіберілді.
Полиция қызметкерлері жол көлік оқиғаларының және олардың салдарынан болатын жол қозғалысына қатысушы азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының салдарын жою мақсатында тұрғындарға күнделікті жолда жүру ережелерін түсіндіріп, іс-шараларды көптеп өткізуде.