Түркістанда жыл басынан бері есірткіге қатысты 160-тан астам қылмыс анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Арыс тұрғынынан 1,5 келі есірткі табылды

Фото: ашық дереккөзден

Арыс қаласының тұрғынынан 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық факт «Қарасора-2021», «Рефлекс-2021» жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде анықталған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кетерлігі, өңірде есірткіге қарсы күрес шараларының нәтижесінде жыл басынан есірткіге қатысты 162 қылмыс пен 161 есірткі теріс қылықтары анықталды.

«Қарасора-2021», «Рефлекс-2021» жедел -профилактикалық іс-шара жүргізу барысында Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталып отыр. Ол азаматтың жанынан пакетке оралған қорапшадан 3 дана және өзінің қалтасынан 1 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі затына ұқсас айғақты зат тәркіленіп алынды», - деді ТО ПД Есірткі қылмысан қарсы іс-қимыл басқармасының бөлімше бастығы Бауыржан Жанетов.