Алматыдан ұшып шыққан ұшақ қайта қонды

Автор: Azattyq Rýhy

Рейстің қайта ұшуы 15.40-та күтіліп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласынан ұшып шыққан «Air Astana» ұшағы әуежайға қайта қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматы-Ақтөбе КС 863 рейсін орындаған борт Алматыдан сағат 05.30-да ұшып шыққан.

«Техникалық себеп және баратын әуежайда техникалық қызметтің болмауы себепті әуе кемесінің командирі ұшып шығу әуежайына оралу туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Рейстің қайта ұшуы 15.40-та күтіліп отыр. Жолаушыларға тамақ пен сусындар берілді», - делінген «Air Astana» хабарламасында.