Атырауда дәретханадан жаңа туған нәресте табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Индер ауданында болған

Атырауда көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы Azattyq Ryhy ATPress-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы полиция департаменті нәрестенің анасы табылғанын мәлім етті.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің тірі екенін хабарлады.

«Бала Индер аудандық аурухананың перзентханасына орналастырылды. Ол – ұл бала. Денесіне суық өткен, дәрігерлер реанимациялады, қазір тірі. Анасы – 1990 жылы туған, Индер ауданының тұрғыны. Қазір аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөлімшесіне жатқызылды», - делінген ведомство хабарламасында.