АҚШ-та құбыр жарылып, жағажайды мұнай басып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Құбырдан 477 мың литр мұнай аққан

Фото ашық дереккөзден

Калифорнияның оңтүстігіндегі Ориндж округінің Хантингтон Бич қаласының жағалауына мұнайдың төгілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Интерфакс-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала мэрі Ким Каррдың айтуынша су астындағы құбырдан 477 мың литр мұнай ағып, нәижесінде шамамен 34 шаршы шақырымға жайылды. Оны «экологиялық апат» және «ықтимал экологиялық апат» деп атады. Сөз арасында жағалаудың бір бөлігін де мұнай басып қалғанын қозғап өтті.

Хантингтон бич Лос-Анджелестен оңтүстікке қарай 65 шақырым жерде орналасқан. Ең бірінші кезекте осы маңай зардап шекті. БАҚ-тың хабарлауынша, балықтан бөлек өзге де теңіз жануарлары қырылған. Сол сияқты құстарға да айтарлықтай зиян тиіп отыр. Бұл орын серфинг пен жағажайда демалушылар арасында танымал болатын.

АҚШ Конгресінде зардап шеккен Ориндж округінің өкілі Мишель Стилел  президенті Джо Байденге бұл маңайды үлкен апат аймағы деп жариялауды әрі оны тазарту үшін федералды қаражат бөлуді сұрады.