Жалын жиһаз салонында тұтанған
Елордадағы ірі сауда орталықтарының бірі саналатын «Астықжан» өртеніп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың үшінші қабатынан басталған деп хабарлайды қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру бөліміне шақырту сағат 9:42-де түскен. Оқиға орнына 6 минуттан кейін жеткен бригада жалынмен әлі күресіп жатыр. Өртті сөндіруге 76 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Жалын үшінші қабаттағы жиһаз салонынан шыққаны да анықталды.