Екі күдіктінің де қорықшы болып жұмыс істейтіні анықталды
СҚО полицейлері екі маралды заңсыз атқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек СҚО ПД табиғатты қорғау полиция қызметкерлері Есіл ауданының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жұмыстары барысында “Красный бор” КММ аумағында орманда тіркемесі бар “Нива” көлігін байқаған. Рөлде 69 жастағы жергілікті тұрғын, жолаушысы Тайынша ауданының 24 жастағы тұрғыны болған. Тексеру кезінде полицейлер тіркемеде болжаммен маралдың еті салынған полиэтилен пакеттер тапқан.
Заңсыз аңшылыққа қатысы бар екі күдікті анықталды: “Нива” жолаушысы мен Тайынша ауданының 32 жастағы тағы бір тұрғыны, ол оқиға орнынан ертерек кетіп қалған. Тайыншалық екі күдікті де қорықшы болып жұмыс істейді. Олар маралды атқан және бөлшектеген орнын көрсетті, аң аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Бұдан кейін, олардың айтуынша, Есіл ауданының тұрғынынан етті алып кетуді өтінген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мүшеленген ет алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ күдіктілердің жасы үлкенінің біріне тиесілі калибрі 5,56 мм. “Вепрь” карабині, аңшылық жабдықтар алынды. Күдіктінің екеуі де қамауға алынды.
«Бұл жыл басынан СҚО-да тіркелген заңсыз аң аулаудың он бірінші фактісі. Браконьерлікпен күрес — табиғатты қорғау полициясының басқа бөліністер және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимыл жасауда шешілетін маңызды міндеті. Аңшы және орман шаруашылықтарының мамандарымен бірлесіп, ұдайы рейдтер өткізіліп тұрады. Қылмыстық кодекске сәйкес заңсыз аңшылық ірі көлемдегі айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.