Павлодар облысының тасжолында көлік жырадағы суға түсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде жолда жүру қауіпті болатынын ескертеді

Жол апаты «Екібастұз-Батыр КП» автожолының солтүстік бағытында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«29 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында «ВАЗ» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Южная ауданында жүріп келе жатқан сәтінде  рөлге ие бола алмай қалып, жыраға аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік шығарылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 595-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінде.

Екібастұз қаласының полицейлері жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде жолдағы қауіп туралы ескертеді.

Тәртіп сақшылары  жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде тұман, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға байланысты  жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыру қажет екенін еске салады. 

Сондай-ақ, қауіпсіз жылдамдық пен автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.