$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 13:22
Оқиғалар

Семейде жалған вакцинация паспортын жасағандар ұсталды

Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Семейде жалған вакцинация паспортын жасағандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Семей полицейлері жалған вакцина паспортын жасағандарды анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 16 қыркүйекте Семей қаласындағы медициналық мекемелердің бірінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы құжаттарды қолдан жасап өткізумен айналысатын мекеме қызметкерлеріне қатысты жедел ақпарат келіп түсті.

Семей қаласы ПБ қызметкерлерінің тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ағымдағы жылдың шілде айында қызметтік мүмкіндігін негізссіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Семей қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі “Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп түсіндірді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

Серіктес жаңалықтары