Қыз бала әкесінің әрекетін «қалыпты жағдай, барлық әке солай істейді» деп қабылдаған
Қостанай облысында ер адам бірнеше жыл бойы туған қызын азғырып, кейіннен күн сайын зорлап келген. Қыз бала әкесінің әрекетін «қалыпты жағдай, барлық әке солай істейді» деп қабылдап келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy TobolInfo порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты хабарлады. Қайғылы оқиғаның қай жерде және қай жылдан бері болғанын айтылмаған. Тек белгілісі, ер адам туған қызын сегіз жасынан қорлай бастаған.
«12 жасқа дейін ер адам қызын азғырып, кейін тұрақты түрде зорлауға көшкен. Қыз бала әкесінің қылмысы ашылғанға дейін оның әрекеттерін қалыпты нәрсе деп қабылдаған. Бұл жағдай бұрын еш тіркеуде тіркелмеген қарапайым отбасында күн сайын болып тұрған», - деді адвокат.
Қорғаушының айтуынша, қыздың анасы не болып жатқанын бірнеше күн бұрын ғана біліп, бірден полицияға жүгінген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы – «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қылмыс бірнеше рет жасалғандықтан, күдікті 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау үшін қылмыстық істің егжей -тегжейі жария етілмейді.
Қыз бала осы уақытқа дейін қатты күйзелісте жүргендіктен, зардап шегушімен психологтар жұмыс жасап жатыр.