Зейнеткер қазір ауруханада жатыр
Өскемен қаласында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 62 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.
«Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Назарбаев даңғылында болған. «ВАЗ» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Дене жарақатын алған тұрғын ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне (абайсызда денсаулыққа орташа зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.