Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Осы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 15:30-да Байғанин ауданының тұрғыны «Лада –Гранта» автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық кенті жағынан Байғанин кенті бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Маз-712» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Құрметті жүргізушілер, жол апаттарының ең көп таралған себептерінің бірі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін еске саламын. Сонымен қатар, апатқа ұшырау ықтималдығына әсер ететін көптеген факторлар бар. Соның ішінде жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлікке отыру және т. б.
Барлық жол қозғалысына қатысушылардан жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне құрметпен қарауды сұраймын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.