Шығыс Қазақстанда орман өртімен күрес жалғасып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тілсіз жаумен күреске 74 адам және 11 бірліктегі техника жұмылдырылған

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда орман аумағында шыққан өртпен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығының қызметкерлері 17 қыркүйектен бастап, Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай орман шаруашылығында найзағай түсуінен шыққан өртпен күресуде.

«Өтуі және жету қиын учаскелер өртті сөндіруді қиындатуда. Орман шаруашылығының қызметкерлері және өрт сөндірушілер жанған жерлерден жаяу өтіп, арнайы рюкзак өрт сөндіргіштерінің көмегімен сөндіруде», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта ашық өрт жоқ, тек түтіндеуде. Алдын ала болжам бойынша өрт алаңы 3,5 га. Тілсіз жаумен күреске 74 адам және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды.