Алматы облысында мектеп директоры суицид жасап қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның артында әйелі мен үш ұлы қалды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Ават ауылында мектеп директоры өзіне қол салды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қыркүйек күні болған. 1975 жылы туған ер адамның денесі өз үйінің ауласындағы қорадан табылды. Ол асылып қалған.

Марқұмның артында үш ұлы қалды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабының 1-тармағы бойынша (Өзін өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.