Ер адам бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды
Павлодарда слесарь екі саусағынан айырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде сағат 15:00-де өндірістік апат орын алған.
«Циолковский көшесіндегі ЖШС бірінің аумағында 41 жастағы слесарь нығыздау машинасында жұмыс істеп жатқан кезде жарақат алды», - деді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, ер адам политравма алған: тізе сүйегінің сынуы, аяқтарының жараланған жарақаттары мен кеуде тұсының көгеруі тіркелген, сол қолының екі саусағынан айырылған.
«Науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», - деді ведомствода.
Еңбек инспекторлары өндірістегі жазатайым оқиғаны тексереді.