Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Семейде көше ортасында шөп тиеген «КамАЗ» жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 10 қыркүйекте сағат 02:15 шамасында Джангильдин-Шугаев көшелерінің қиылысында, 40 жастағы «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай, көлік аударылған. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 620-бабы бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бап бойынша, ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.