Көлік айыптұраққа қойылды
Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 35 қойды қағып өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қыркүйекте сағат 08:00 шамасында «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» тас жолының 325 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған отар қойды абайсызда қаққан.
Жүргізуші 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 қой өліп, 15 бас қой жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен Меркі аудандық ауруханасына қаралды. Көлік айыптұраққа қойылды.