Ақмола облысында ауылдастарын ұрып-соғып, мылтықпен қорқытқан екі аңшы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында ауылдастарын ұрып-соққан екі аңшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қыркүйек Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан оған дене жарақатын салу туралы арыз келіп түсті. Алдын ала анықталғандай, мас күйдегі екі қарулы адам аң аулап жүріп, жәбірленушіге себепсіз дене жарақатын салып, “ИЖ-18” маркалы мылтықпен қорқытқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар 36 және 38 жастағы жәбірленушінің екі ауылдасы болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қаскүнемдерден “ИЖ-18” маркалы тіркелмеген бір тегіс ұңғылды мылтық тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Әрі қарай тергеушілер оқиғаның егжей-тегжейін анықтайды.