Зардап шеккен адам жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді
25 желтоқсанда Ақтауда жұмысшы ғимарат безендіріп жүргенде түрлі жарақат алған, деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы хабарлады. Болған оқиға туралы хабарлама сағат 12:27-де келіп түскен.
«Ер адам №4 шағын ауданда, «Каравелла» ғимаратының маңында жарақат алған. Зардап шегуші 1990 жылы туған. Алдын ала диагноз – жабық ми жарақаты, миы шайқалған және омыртқаның мойын бөлігі зақымданған», – деді дәрігерлер.