Биыл ШҚО-да өрт жағдайына қатысты 261 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 6 гектарды шарпыған дала өрті сөндірілді. Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, 2 қыркүйек күні Шемонаиха ауданында құрғақ шөп өртенген. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 6 гектарды құраған. Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Өртті өшіруге жеке құрамнан 4 адам мен 1 техника жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Биыл дала өрт жиі болатын кезеңнен бері ШҚО-да 243 жағдай болып, 261 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.