Ол таныстарынан теңгемен алған қарызын жалған еуромен қайтарып отырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті ірі көлемде жалған еуро өткізген адамды ұстады.
Азамат Б.Қорғанбаев Өзбекстанда бұрын құнының 50%-ына сатып алынған жалған еуроның алаяқтық схемасын ұйымдастырып, түрлі тәсілдермен сата бастаған.
Аумақтық департаменттің қызметкерлері Шымкент қаласындағы банктердің бірінің қызметкерлеріне 4000 еуро сату дерегін анықтады. Тергеу әрекеттері барысында Б.Қорғанбаевтың осы ақшаны өткізуге қатысты екендігі дәлелденді.
Сондай-ақ, азамат Б.Қорғанбаев бұрын алаяқтық әрекеттері үшін сотталған екен. Таныстарынан теңгемен алған қарызын жалған еуромен қайтарып отырған.
Б.Қорғанбаев жалпы құны 500 еуро болатын 10 мың жалған еуроны заңсыз сатқан, олар айналымнан толық көлемде тәркіленіп алынды.
Ол жалған ақшаны заңсыз пайдаланғаны және сатқаны үшін ол 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.