Павлодарда көпірде жұмысшыны көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факт бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Аталған факт бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

«29 тамыз күні сағат 10.30-да "Нұрлы жол" көпірінде "Тойота ланд крузер 200" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қоршауға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпірде болған 1977 жылғы жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері  облыста 278 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның алтауын мас күйде көлік жүргізген жүргізушілер жасаған. Алты жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, сегіз адам жарақат алды.