Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 29 тамыз күні Екібастұз - Лесхоз автожолында болған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Митсубиси Монтеро» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен адам  алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияда автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.