Қорғаныс министрлігі аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді
Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында тарс еткен дыбыс естілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорғаныс министрлігі аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
«26 тамыз күні өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін, 29 тамызда сағат 12.20 шамасында тарс еткен жалын болды. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, адамдар болмаған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатқаны айтылды.
Айта кетсек, бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қоймада жарылмай қалған оқ-дәрілер бар екенін, сондықтан қайта жарылыс болуы мүмкіндінін жоққа шығармайтыны мәлімдеген болатын.