Атырауда электр жөндеушіні тоқ соғып, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жағдайға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

фото: azh.kz

Атырауда 59 жастағы электр бағанында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 тамыз күні 14:30 шамасында Нұрсая-3 мөлтекауданында болған, деп хабарлайды azh.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағы (Абайсыздықта адам өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.