Алтай қаласында зейнеткерді тонағандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алтай қаласында зейнеткерді тонаған ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының басында Алтай қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына 85 жастағы зейнеткерден екі белгісіз тұлғаның оның жейдесінің төс қалтасынан құжаттары мен 28 мың теңге ақшасы салынған әмиянын ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.

«Криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп, жедел түрде Алтай қаласының 26 және 32 жастағы тұрғындарын анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қаскүнемдер істеген қылмысын мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды»,- делінген хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына  (Тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.