Есірткі курьері: ШҚО-да есірткі үлестірумен айналысқан әйелдер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қамауға алынған әйелдің балалары жақындарына берілді

фото: ШҚО полиция департаменті

Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде Telegram мессенджері арқылы «скорость» және «меф» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы әйелдер құқық қорғау органдарының назарына түсті. Есірткіні қойып кетумен айналысқандардың бірі, кәмелетке толмаған 8 және 6 жастағы екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана заңсыз әрекетін реттеу үшін биыл маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан.

Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн теңгеден асады. Қазір екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Жас балалары жақын туыстарына берілді.

«Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 грамды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Тегтер: