Тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Шымкент тұрғыны алаяққа алданып, 1,5 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 22 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз тұлға несиеге пәтер алып беремін деп 1,5 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тексеру амалдары жүргізілуде.