Құтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде
Павлодарда 12 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оқиға туралы хабар жедел әрекет ету басқармасынан 19 тамыз күні сағат 00:10-да түскен.
Белгілі болғандай, кеше 12 жасар ұл бала үйінен достарымен қыдыруға шығып, қайтып оралмаған.
«Орталық жағалау тұсында сағат 14:30 шамасында шомылуға арналған орында шомылып жүріп, 2009 жылы туған бала батып кетті. Сағат 22:00 шамасында ата-анасы полицияға хабарласты», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
«VITA» іздеу жасағының мәлімдеуінше, достары қорыққаннан үлкендерге болған жәйт туралы бірден айтпаған.