Павлодар облысының тұрғыны әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы жағдай 17 тамыз күні Баянауыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде болған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы Баянауыл ауданының тұрғыны әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Оқиға орнына жедел жеткен жедел-жәрдем қызметі марқұмның өміріне араша түсіп үлгермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полиция департаментіне ауыл тұрғынының әйелін өлімші етіп сабағаны туралы қоңырау түскен. Тергеу барысында 2021 жылғы 17 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелі есінен танып қалғанша дене жарақатын салғанын анықтады. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция күдіктінің ұсталғанын, Баянауыл ауданының уақышта ұстау изоляторына қамауға алынғанын атап өтті. Отбасы осы учаскеде тұрған және жұмыс істеген.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында жәбірленушілердің өліміне әкеп соққан дене жарақатын салудың 13 фактісі тіркелді.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО