38 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатыр
Екібастұзда ер адам жөндеу жұмысы кезінде көлікжайдың шатырынан құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті.
«Белгілі болғандай, 16 тамыз күні сағат 17:45-те көлікжайдың төбесінде жүрген 38 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жерге құлаған», - деді департаменттен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда.